Атырауда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық форум өтті

19.12.2018

Дәстүрлі түрде ұйымдастырлатын шарада жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Құзырлы орган тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласында 21 мыңнан астам заң бұзушылық дерегін анықтаған. 29 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, сыбайластыққа жол берген 15 басшы әшкереленіп, заң алдында жауап берді.  

Тоқтамыс Жұмағұлов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департамент басшысы:

- Біздің өңірімізде 2018 жылы 1500 шара өткізілді. Соған 200 мыңнан астам адам қатыстырылды. Ең бастысы, біз қоғамның барлық топтарының арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыстарды жүргізудеміз. Басты мақсатымыз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу