Оралда жылдар бойы кезекте тұрған жандар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жылдар бойы кезекте тұрған жандар баспаналы болды

19.12.2018

Мейрам күндері 180 отбасы қоныс тойын тойлады. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, мүгедектер, мемлекеттік қызметкерлер бар. Тоғыз қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынды. Құрылысқа республикалық және облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге жұмсалған. Жалпы, өңірде 24 мың отбасы баспана кезегінде тұр. Мәселені шешу үшін қалада 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның алтауы биыл аяқталып, ел игілігіне беріледі.

Қалампыр Кенжеғалиева, тұрғын:

- Көпбалалы ана ретінде бұдан 16 жыл бұрын кезекке тұрған болатынмын. Сол арманымызға қол жеткізіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Үй ұнады, бөлмелері кең, жарық.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу