Қызылорда облысы Арал ауданының Аманөткел ауылында балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысы Арал ауданының Аманөткел ауылында балабақша ашылды

19.12.2018

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде бой көтерген нысан 60 балаға лайықталған. Халық санының өсуіне байланысты елді мекендегі мектеп жанындағы шағын орталық аздық етті. Жаңадан салынған бөбекжай барлық талапқа сай келеді. Сондай-ақ, осы ауданның Ақирек ауылында дәрігерлік бекет пайдалануға берілді. Бұған дейінгі емдеу мекемесі өте ескі, ешбір санитарлық талапқа сай келмейтін ғимаратта орналасқан болатын. Құрал-жабдық жетіспейтін. Енді ол қиындықтын бәрі артта қалды. 

Айымжан Өтеулиев, аға дәрігер:

- Халық саны көбейіп келе жатыр. Қазір Ақирек елді мекенінде 826 адам бар. Соған екі медицина қызметкері қызмет жасайды. Акушер қызметі және бала мен жасөспірім, ересек адамдарды емдейді. Жаңа ғимаратта жаңа құралдар, бала өлшейтін, акушерлік кресло бар.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу