Тұрақтандыру қорының көкөністері бағасы қымбат болғандықтан өтпей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрақтандыру қорының көкөністері бағасы қымбат болғандықтан өтпей жатыр

19.12.2018

Өскеменде тұрақтандыру қорының өніміне сұраныс күрт төмендеп кетті. Өйткені, нарық бағасымен салыстырғанда айырмашылық аз. Тіпті, кей кезде қордағы көкөністер қымбаттау болып жатады. Сол себепті, сауда да қызбай тұр. Қараша айынан бастап осы күнге дейін тек 54 тонна картоп сатылған. Жалпы, биыл тұрақтандыру қорына барлығы 3300 тонна көкөніс дайындалған. 14 әлеуметтік дүкенге  картоп, қырыққабат, сәбіз және сарымсақ келісі 65 теңгеден қойылған. Ал, басқа 40-қа тарта сауда орнында бұл өнімдер 10 пайызға қымбат. Бірақ, көтерме базарда көкөністерді бұдан да арзан алуға болады. Жергілікті биліктің пайымдауынша, баға бәсекелестігіне өнімнің мол болуы себеп.  

Қымбат Әнуарбекова, Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

- Толайым базарда өнім көп болды, бағаның өспеу себебі де сол. Яғни, 65-70 теңге. Біздің сатып алған тұрақтандыру қорының бағасымен бірдей. Көкөніс өнімдерін 2019 жылдың мамыр айына дейін саудалаймыз. Оған дейін көкөніс өнімдерінің бағасы өседі деп ойлаймыз. Сол кезде бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қоры бізге көмек береді. 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу