Маңғыстау облысында браконьерлерге 1 млн. теңгеге жуық айыппұл салынып, оның 600 мыңы өндірілді. Жыл басынан бері табиғат қаскөйлері 100-ге жуық заң бұзған. 3 қылмыстық іс қозғалып, киік атқандар бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ителгіні Ақтау әуежайынан заңсыз алып өтпек болған Иран азаматы қамауға алынды. Өңірде аң аулайтын 9 алқап бар. Қазір құс ату мерзімі аяқталды. Ақпанға дейін түлкі, қарсақ, қоян атуға ғана рұқсат берілген.
Габбас Досатов, Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
- Мереке күндері күшейтілген бағытта рейдтік шаралар жүргізілді. Осы кезде 4 рет аң аулау ережесін бұзу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ережесін бұзу бойынша 4 әкімшілік іс толтырылып, бір адамға айыппұл салынды.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.