Шамамен 3000-ға жуық өнімнен сынама алынса, оның 75-інен ішек таяқшаларының белгілері табылып отыр.
Бұл жөнінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. Қауіпті бактериялар, әсіресе, шұжықтар мен кондитерлік өнімдерден көптеп табылған. Мамандар жыл бойы ірілі-ұсақты сауда нүктелерінен сынамалар алған. Талапқа сай болмай шыққан 700 келі тамақ өнімдері жойылды. Олардың көбі дүкен сөрелеріне алыс-жақын шетелдерден әкелінгені белгілі болып отыр. 14 кәсіпкерге 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, 115 құқықбұзушылықты жою туралы ұйғарым берілген.
Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Талапқа сай болмай шыққан өнімдердің 55 пайызы Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан тасымалданған. Сондай-ақ, Корея мен Түркиядан әкелінгендері де бар. Олардың үлесі 16,5 пайызды құрап отыр. Олар -шұжықтар, сүт өнімдері мен кондитерлік тағамдар
Жақсыбек КЕМАЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.