«Алматы - адалдық алаңы» кеңсесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы - адалдық алаңы» кеңсесі ашылды

26.12.2018

Бұл сыбайлас жемқорлықты азайту мен мемлекеттік органдарға елдің сенімін арттыруға бағытталған жоба. Кеңсе мемлекеттік қызмет беру, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет құрылыс және жер қатынастары мәселелерін шешуге арналған. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және адам факторын төмендету мақсатында кеңседе цифрлы технологиялар қолданылады. Осы бағытта қоғамдық «Open Almaty» қабылдау орны мен бизнес шығындарын азайтуға арналған «3D карта» құрылған.

Олжас Бектенов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Жобаның басты мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты толығымен жою. Ол үшін тиімді тәсілдер бар. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау.

Аманкелді СЕЙІТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу