Аяз салдарынан пойыздар 5 сағатқа кешікті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяз салдарынан пойыздар 5 сағатқа кешікті

26.12.2018

Қатты аяздың салдарынан техниканың өзі сыр беріп, темір жол қатынасы кідірді.  «Риддер- Астана» және кері бағыттағы «Астана-Риддер» 375,376 пойыздары бірнеше сағатқа кестеден кешікті. Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, вагонның қосалқы бөлшегі істен шыққан. Салдарынан, Шығыс Қазақстаннан Астанаға бет алған пойыз 4 сағатқа кешігіп келді. Ал, кешкі 19.30-да жолға шығуы тиіс пойыз түнгі 12-ден кете бірақ жүрді. Тағаты таусылған жолаушылар теміржол вокзалы басшылығынан темір жол көлігінің кешігу себебін түсіндіруді талап етті.

Рахила Исмайылова, жолаушы:

- Айтып түсіндіру керек қой. Ешкім ештеңе айтпайды.

Диас Ахметшәріп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі:

- Оған себеп - вагонның қосалқы бөлшегі істен шықты. Техникалық ақау жөнделіп, қалпына келтірілді. Осыған байланысты кері бағыттағы «Астана-Риддер» пойызы да бес сағатқа кешігіп шықты. Жол бойында жолаушылар тегін аспен қамтамасыз етілді. Біз жолаушылардан кешірім сұраймыз және осы жағдайға түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу