«Ұстаз мерейі – ел мерейі» байқауында Ұлттық арна тілшілері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұстаз мерейі – ел мерейі» байқауында Ұлттық арна тілшілері марапатталды

28.12.2018

«Ұстаз мерейі – ел мерейі». Елде ерен еңбегімен, кәсібіне деген шын жанашырлығымен танылған  ұстаздар аз емес. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында мұғалімдердің абыройын қаралайтын жеңіл жарияланымдар жиі кездеседі. Бұл олқылықтың орнын сәл де болса толтыру үшін Білім және ғылым қызеткерлерінің кәсіптік одағы журналистер арасында шығармашылық байқау жариялап, оның жеңімпаздарын марапаттады. Оның басты мақсаты - ұстаз мәртебесін арттыру. Байқау жеңімпаздарының ішінде бас жүлде мен екінші орынды қанжығалаған біздің телеарна тілшілері Дулат Абибуллаев пен Досымжан Ермұрат та бар. Жалпы, байқауға 63 автордан 140-қа жуық жұмыс келіп түскен. Қазылар алқасының шешімімен оларға дипломдар мен сертификаттар табысталды.

Майра Амантаев, ҚР Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіптік одағының төрайымы:

- Биыл жылдың басында жариялаған болатынбыз. Енді жыл соңында соның қорытындысын шығарып жатырмыз. Мұны біз неге жасап отырмыз? Өйткені, білім саласы қызметкерлерінің, педагогтардың мәрбебесі - елдің мәртебесі.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу