Батысқазақстандық кәсіпорын 18 тонна қой еті тиелген алғашқы вагонды Қытайға жөнелтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батысқазақстандық кәсіпорын 18 тонна қой еті тиелген алғашқы вагонды Қытайға жөнелтті

28.12.2018

Бұл - биыл қазан айында Қазақстан мен Қытай арасында жасалған келісімнің нәтижесі. Меморандум аясында отандық компания 5 жылда Қытай еліне 20 мың тонна ет экспорттауы тиіс. Бұған дейін экологиялық таза өнім Иран, Түрікменстан, Қырғыз елі мен Ресейге жіберілді. Жалпы, өңірде биыл ет экспорты жоспары екі есеге артық орындалған.

Денис Умашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгінгі таңда облыстан шетелдерге 2230 тонна сиыр еті және 595 тонна қой еті жөнелтілді. Яғни, біздің алдымызға қойылған жоспар 111 және 300 пайызға артығымен орындалып отыр. Бұл бірінші партия. Әлде де экспортқа шығару жұмысы жалғасады.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу