Қазақстанда электронды виза енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда электронды виза енгізілді

03.01.2019

Осы жылдың 1-нен бастап шетел азаматтары бір реттік визаны электронды форматта алады. Виза Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі бөлімшелерінде белгіленген тәртіппен рәсімделген қазақстандық тараптың шақыруы негізінде беріледі. Шетелдіктер электронды визамен тек Астана және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайлардың бақылау пункттері арқылы ел аумағына кіріп, шыға алады. Туристік электронды визалар 117 елдің, іскерлік және емделу үшін 23 елдің азаматтарына беріледі. Электронды виза тек визаны алушы үшін ғана жарамды. Ал, онымен бірге жүрген тұлғаларға қолданылмайды. Виза алу үшін паспорт түпнұсқа, оның қолданылу мерзімінің аяқталуы 3 айдан кем болмауы керек.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу