Алматыда бірқатар коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтер төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бірқатар коммуналдық қызмет түрлеріне тарифтер төмендеді

03.01.2019

Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың сөзінше, енді тұтыну қызметі түрлерінің бағасын негізсіз өсіруге жол берілмейді. Алайда, бұл қоқыс шығару, лифт қызметінің тарифі секілді басқа да қызмет түрлеріне қатысты емес. Себебі, Табиғи монополияларды реттеу басқармасы тек газ, жылу, электр энергиясы, суық су мен кәріз сияқты негізгі қызметтерді қадағалайды. Атап айтқанда, көгілдір отынмен қамтамасыз ету - 16 пайызға, жылу - 18 пайызға, суық су мен кәріз жүйесінің құны 10 пайызға, электр энергиясы - 2,8 пайызға төмендеді. 

Бауыржан Қайырбек, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

- Ең негізгі себептері инвестициялық бағдарламалардың сомасын түсіру. Сонымен қатар, тарифте ескерілген қаражатты меңгермегені үшін уақытша өтемдік тарифтерді бекіту болып табылады. Сондай-ақ, электр энергиясы мен газдың көтерме саудада тарифтерін түсіру.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу