Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртеніп, екі адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда көпқабатты үйлердің бірінде пәтер өртеніп, екі адам қайтыс болды

03.01.2019

Оқыс оқиға түнгі сағат 2-лер шамасында болған. Адамдар шырт ұйқыда жатқанда тілсіз жау бірден лап етіп, баспана аумағын түгелдей шарпыған. Көршілері көмектеспегенде үйдегі 4 адамның бәрі де марқұм болар еді. Аман қалған екеуі қазір облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.  

Тілекжан Галямов, Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

- 1952 жылы туылған азаматтың мәйіті табылды. Салдарынан өрт орнында 2011 жылы туылған жасөспірім бала қайтты. Өрттің шығу себебі - темекі шегу.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу