Қатты бұрқасын салдарынан коммуналдық мекемелер тасжолды тазалап үлгермей жатыр. Әлеуметтік желілерде жол бойында ондаған көліктің қар құрсауында қалғаны туралы бейнежазбалар тарады. Желтоқсаннан бері қардың қалың түскені ауыл тұрғындарының қатынасын қиындатып жіберді. Аудан әкімдігі республикалық маңызы бар Казталов – Жәнібек - РФ шекарасы жолы уақытылы тазаланып отырғанын айтады. Қазір Таловка, Тау, Қамысты, Тегісшіл, Борсы, Жақсыбай елді мекендеріне техника жіберілген. Бүгін түстен кейін тағы Жәнібек, Казталов, Бөкей ордасы бағытындағы республикалық, облыстық маңызы бар жолдар жабылды.
Азамат Сафималиев, Жәнібек ауданының әкімі:
- «Таловта жол жоқ, 10-15 күн болды» деп әлеуметтік желілерде жазып жатыр. Ол шындыққа сәйкес келмейтін әңгіме. 30 желтоқсанда ол жаққа «К-700» техникасы барды. Сол елді мекенге қонып, түнімен боран болып, қайтадан Жәнібекке дейін жолдың бәрін ашып келді. Енді қаңтардың 1-і, 2-і, 3-і боран болып, бүгін де борап, қайта басылды. Қазір Таловкіге 2 «К-700» пен бір автогрейдер кетті.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.