Бұл байланыс құрылғыларының сәйкестендіру нөмірін тіркету кезінде белгілі болды. Бірақ, енді көшірме IMEI код иелері тіркеле алмайды. Ондай мүмкіндік тек жаңа жылға дейін берілген еді. Осылайша, «Байланыс туралы заңдағы» өзгерістер мен толықтырулар аясында ортақ базаға еліміздегі абоненттердің 80%-ның мәліметі енгізілген. Ал, әлі күнге тіркелмегендерінің SIM картасы кімнің немесе қай мекеменің атында болса IMEI коды автоматты түрде соған біріктіріледі. Нәтижесінде, тіркеу толық жүргізіліп біткеннен кейін, нөмір қосылмай қалса, байланыс операторы алдымен SIM картаның иесін анықтайды. Егер иесі басқа біреу болса, онда қызмет көрсетілмейді.
Нысаналы ЫҒЫЛ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.