ШҚО-да сапасыз тауарлар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да сапасыз тауарлар анықталды

07.01.2019

Шығыс Қазақстанға шетелден импортталатын тауарлардың дені техникалық регламентке сай емес. Тағамдардың сапасын тексеру үшін мамандар сауда орындарынан ет, сүт, балық, шырын және шұжық өнімдерін сатып алып, зертханалық сараптама жасаған. Нәтиже көңіл көншітпейді. Мысалы, сүттің майлылығы 4 пайыз деп көрсетілгенімен, шынтуайтында 3-тен аспайды. Ал, жеміс-жидектен жасалған шырындарда нитраттар белгіленген мөлшерден артық екені анықталды. Сапасыз азық-түлік және басқа да тауарлардың дені алыс-жақын шет елден жеткізілген. Отандық өнімдердің де сапасы төмен болып шықты.  Тексерілген тауарлардың 22 пайызы техникалық регламент талаптарына сәйкес емес. Сапасыз тауар сатқаны үшін 170 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Алена Кравченко, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

- Тауарлардың қауіпсіздігін бақылау бойынша жүргізілген жұмыс барысында 527 сауда орны тексеріліп, 5833 сынама алынды. Таңбалау, физико-химиялық, санитарлық-химиялық және микробилогиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламеттің талаптарына сай келмеген фактілер тауардың барлық түрінде анықталды.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу