Қазақстандық 1200 полицей жаңғырып, жаңа форматқа ауысады. Тәртіп сақшылары үш айлық қысқа курстарға қатысып, кейін полиция академияларында жарты жыл оқиды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Жанат Сүлейменов мәлімдеді.
Сондай-ақ, Ішкі істер органдарының реформасы аясында осы жылдың алғашқы алты айында полиция қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясы ұйымдастырылады. Ол бірнеше кезеңге бөлініп, алғашқысы қаңтардың аяғында басталуы тиіс. Айта кетейік, бұл реформа барысында ІІМ-де 450 басшы қысқартылып, күзет рөлін атқарып келген 4,5 мың тәртіп сақшысы қызметінен босатылады. Ал, осының арқасында үнемделген 5,5 млрд. теңге сол мекемелерге күзет агенттіктерін жалдау үшін жұмсалады.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.