Биыл Петропавлда екі мектеп пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Петропавлда екі мектеп пайдалануға беріледі

09.01.2019

Білім беру нысандарының бірі 600, екіншісі 900 орынға лайықталған. Құрылысқа бюджеттен 3 миллиард 800 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сонымен қатар, биыл 900 орындық тағы бір мектептің құрылысы басталады. Жергілікті жерде ана тілімізде білім алуға ниет білдірген өзге ұлттардың қатары көбейіп келеді, сондықтан, мектеп жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Өкініштісі, облыс орталығындағы 36 мектептің тек бесеуі ғана мемлекеттік тілде оқытады, төртеуі аралас. 3 мектепте балалар үш ауысымда білім алуға мәжбүр.   

Владимир Ткаченко, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017-2018 жылдар аралағында 1-сыныпқа баратындар саны 726 балаға өскен. Сондай-ақ, 2013 және 2017 жылдар аралығына жүргізілген талдаудың нәтижелері бойынша облыста оқушылар саны 4500-ге артқан. Сондықтан, оқу орындарының жетіспеушілігі, 3 кезеңдік оқу жүйесі сынды проблемалар қалыптасты. Салынып жатқан мектептердің арқасында бұл мәселелер оңтайлы шешіледі деген ойдамыз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу