Ақтау әуежайына қымбат тамақ үшін 1,5 млн. теңге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтау әуежайына қымбат тамақ үшін 1,5 млн. теңге айыппұл салынды

10.01.2019

Ақтау әуежайына 1 млн. 600 мың теңге айыппұл салынды. Бұған қоса, мекеменің 15 млн. теңгеден астам қаржысы монополиялық кіріс ретінде тәркіленеді. Ақтау қалалық соты осындай шешім шығарды. Тексеру жүргізуге  әуежай ішіндегі қоғамдық тамақтану орнындағы бағаның қымбаттығы себеп болды. 500 теңге тұратын самсаның құнына наразы жолаушылар құзырлы органдарға арыз түсірген. Көп кешікпей тексеру жүргізіліп, заңға қайшы әрекеттер анықталған.   

Қуандық Қосжанов, облыстық Монополияға қарсы департамент тергеу бөлімінің бас маманы:  

- Қоғамдық тамақтану орындарында бағаның жоғары болуы ол жалға берушінің бағаның қымбатқа беруі жалға беретін орындардың қымбат болуына байланысты. Осыған сәйкес, Ақтау халықаралық әуежайы жолаушылар терминалын пайдаланатын «АТМ групп» ЖШС-на қатысты тергеу-тексерулер жүргізілді. Соның нәтижесінде жалға берілетін орындар қымбат болуы және бұл ретте үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу