1 қаңтардан бастап техникалық құралды тіркеу куәлігінің жаңа үлгісі беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қаңтардан бастап техникалық құралды тіркеу куәлігінің жаңа үлгісі беріле бастады

10.01.2019

Оның сыртына ең маңызды ақпараттар жазылса, қосымша мәліметтер арнайы чипке енгізілген. Олардың дайындалу процесін автоматтандыру арқылы көлік құралын тіркеу мен қайта тіркеуге кететін уақыт біршама азайды. Сондай-ақ, голограммалық және цифрлы қорғау тәсілдері құжатты қолдан жасау мүмкіндігін шектеп отыр. Бұл автокөліктерді ұрлау деректерінің алдын алуға үлес қосады. Тұрғындар үшін техникалық құжаттарды жаппай ауыстыру міндетті емес. Ескі құжаттардың мерзімі шектеусіз.

Эльдар Данияров, Астана қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмысы бөлімінің бастығы:

- Бұл халыққа да, бізге де қолайлы деп санаймын. Неге десеңіз, біріншіден, оның көлемі де кішкентай. Мөр басып, қол қою, ламинация қажет емес. Үшіншіден, уақытты аз алады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу