Астанадағы тағы бір жылы аялдама бүлінді. Тұрғындарды суықтан қорғайтын аялдамаларды бұзақылар қиратып жатыр. Бұл осымен жарты айдың ішінде орын алған елордадағы екінші жайт. Оқиға видеода анық көрінеді. Ер адам шыны есікті қолымен емес, аяғымен теуіп ашқан. Тәртіп сақшылары оны іздестіруде. Жалпы, бұзақылық жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз. 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл арқалайды. Тіпті 2 жылға дейін бас бостандықтары шектеледі.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.