Астанада тарихшылар мен қоғам қайраткерлері инновациялық тұжырымдамалар тақырыбын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тарихшылар мен қоғам қайраткерлері инновациялық тұжырымдамалар тақырыбын талқылады

15.01.2019

«Мұрағат-2025», Ұлы даланың ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі жәні тағы басқа тақырыптар. Бүгін Астанада тарихшылар мен қоғам қайраткерлері Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы инновациялық тұжырымдамалар тақырыбын талқылады. Шарада төл тарихымызды зерттеу мен тарихи сананы жаңғырту жұмысында жаңа әдістер мен идеяларды қолдану жолдары жан-жақты талқыланды. Мамандар Елбасы мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асырудың нақты тетіктерін талқылады. 

Амангелді Қашқынбаев, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары:

- Менің ойымша, осындай кездесулер өте қажет. Себебі, қазір біз мәселелерді көбінесе теориялық түрде айтамыз. Өкінішке қарай, жеке тұлғалармен кездесіп, солармен әңгімелесуден алыстап бара жатырмыз. Сондықтан, мұндай кездесулер тағы болады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу