Осылайша агенттік балабақша мен мектептегі ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тосқауыл қоймақ. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды. Былтыр барлық облыста «Адалдық алаңы» атты жобалық кеңселер ашылған. Олар мемлекеттік қызмет көрсету мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы осындай нақты шараларды жүзеге асырмақ. Ондағы мамандар енді белсенді ата-аналармен байланыс орнатып, заңсыз ақша жинау туралы мәлімет алады. Агенттік өкілдері тұрғындардан мемлекеттік қызмет сапасына қатысты ұсыныстар мен фактілерді осы орталықтарға хабарлап отыруды сұрады.
Данияр Сабырбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры:
- Біздің ата-аналар қауымдастығымен бірге ашқан жабық тобымыз бар. Олар мектепте немесе балабақшада заңсыз ақша жинап жатқанын хабарлайды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.