Сарыағаштағы соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қойылған ескерткіш белгі жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағаштағы соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қойылған ескерткіш белгі жаңартылды

17.01.2019
Сарыағаштағы соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қойылған ескерткіш белгі жаңартылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласындағы соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қойылған ескерткіш белгі жаңартылып, салтанатты түрде қайта ашылды. Сұрапыл жылдарда алақандай ауылдан майданға 43 азамат аттанған болатын. Олардың дені сол күйі елге оралмады. Ескерткіш белгі осы азаматтардың соғыс даласындағы ерлік істері кейінгі ұрпаққа мәңгілік үлгі болсын деген ниетпен соғылып отыр. «Ер есімі ел есінде» тақтасына, сондай-ақ, майдангерлермен қоса, соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жандардың, батыр аналардың және ерең еңбек үлгісін көрсеткен азаматтардың есімдері жазылған. Орта білім беретін мектеп аумағында орналасқан ескертіш төңірегі абаттандырылды. Ағаш егіліп, көпшілік серуендейтін аяқжолдар, демалатын орындықтар орнатылды.

Сейітомар Саттаров, Сарыағаш қаласының тұрғыны:

- Қазаққа Отан керек, ар керек, намыс керек. Елдің ар-намысы үшін қаза болған жігіттер міне, артымызда тұр. Сондықтан, мұны бәрі келіп көреді. Өздерінің осында туып-өскенін, бабасының бар екенін, осы жер үшін қан кешкенін, бейнет қылғанын көреді, түсінеді. Мұның тәрбиелік мәні осы.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу