Бердібек Сапарбаев шетелдік компанияларға жергілікті мамандарды жұмысқа алу қажеттігін ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев шетелдік компанияларға жергілікті мамандарды жұмысқа алу қажеттігін ескертті

17.01.2019

«Жергілікті мамандарға басымдық берілсін!». Ақтөбе облысының басшылығы шетелдік компанияларға осындай талап қойды.

Кадрлық саясатқа қатысты мәселе «СНПС Ақтөбе көлік компаниясының» есептік жиналысы кезінде көтерілді. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев шетелдіктерге Қазақстанда тапшы мамандық иелерін ғана әкелу қажеттігін ескертті. Сондай-ақ, алпауыт компаниялар облыстың әлеуметтік саласына да қолдау білдіруі тиіс. Ең бастысы, еңбек шарты толық орындалып, экономикалық көрсеткіштер де ілгерілеуі керек деген де шарт қойылды.

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

- Тағы да қайталап айтамын, жұмысшылардың саны қысқармау керек. Оның ішінде қытайларды жұмысқа алуды тоқтату керек. Егер бізде жоқ мамандықтар болатын болса, 1-2 категория болса онда қарауға болады. Ал 3-4 категорияларды алуға болмайды.

Жақсыбек КЕМАЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу