Астанада коммуналдық тарифтер шамамен 10 пайызға төмендеді. Нақтылайтын болсақ, елордалықтар жаңа жылдың алғашқы айларында электр қуатының 1 кВт/сағатына 10 теңге 33 тиын төлей бастады. Яғни, шамамен 10 пайызға арзандаған. Жылумен жабдықтаудың бағасы да 10 пайыз төмендеген. Тұрғындар үшін биыл жылудың 1 гкал бағасы 2 074 теңге 81 тиын. Ал, судың бір текше метрі былтыр 41 теңге 26 тиын болса, қазір 37 теңге 13 тиын. Қатты тұрмыстық қалдықтарға келер болсақ, абаттандырылған сектор үшін 8 жылдан бергі тариф бір адамға 252 теңге болса, қазір 246 теңге. Сонымен қатар, жеке сектор үшін бір адамға арналған тариф 14 теңгеге арзандады. Яғни, бұл ретте тариф 5 пайызға төмендеді.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.