Ашық аспан астындағы тарихи-мәдени орынға қызығушылардың қатары бір жазда 13 мыңға жеткен. Бұл екі жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 есеге көп. Сырттан келетін туристердің де легі еселеп артыпты. Естеріңізге салайық, мұражайдың ғимараты толық жөндеуден өткен болатын. Сонымен қатар, былтыр өңірде тағы бір Алтын адам табылып, қазақ тарихы сақ дәуірінің мұрасымен толыққан еді. Қазір оны Ресейдің реставратор ғалымдары қолға алып, зерттеп, зерделеп жатыр. Жәдігерден 14 мыңға жуық алтын бұйымдар шыққан. Бүгін осы саланың мамандары былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарын баяндады.
Жангелді Ахмадиев, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің директоры:
- Мәдениет министрлігінің қолдауының арқасында екі жылдың ішінде музей орнына келді. Содан кейін ішіндегі аттар, патшаның тағына дейін барлығы өз қалпына келді.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.