Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Айтуынша, бағдарламаны жандандыру үшін былтыр жыл аяғында мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілген. «Нұрлы жер» арқылы салынған үйлерді енді барлық азаматтар «7-20-25» бағдарламасының шарттарымен сатып ала алады. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» қаржысын құйып, жылдар бойы кезекте тұрған салымшылар да осы «Нұрлы жермен» баспаналы болмақ.
Тағы бір айта кетерлігі, «7-20-25» бағдарламасына үйі бар азаматтар да қатысатын болады. Тек, бір әттеген-айы, аймақтарда аталған ипотекамен сатылатын баспана жетіспей отыр.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
- Өңірлерде баспана жетіспейді. Осыған байланысты бағдарлама талаптарына сай келетін тұрғын үй құрылысын Қазақстанның перспективалық өңірлерінде қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін демографиялық өсу мен халықтың көшіп-қонуын ескеру керек.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.