Қазір кәсіпорында 6 мыңға тарта жұмысшы еңбек етеді. Еңбек ұжымының 30 пайыздан астамы жас мамандар. Олар тек кеңседе отырып, жаңа технологияларды игеру, компьютерлік бағдарламалар жасауда ғана емес, ақ қалайыны балқыту цехтерінде, басқа да өндірістегі күрделі учаскелерде озаттар қатарынан көрініп жүр. Мәселен, зауыттың жөндеу цехында 200-ден аса дәнекерлеуші жұмыс істейді. Арыстан Жұмадіров - түсті металлургия колледжінің түлегі. Өз ісіне тыңғылықты, тапсырманы бұлжытпай орындай білетін жауапты маман бүгінде 5-ші разрядты дәнекерлеуші.
Арыстан Жұмадіров, жөндеу цехының дәнекерлеушісі:
- Бүгін Жастар жылы деп ресми жарияланды. Соған қуанып отырмын. Мен зауытқа әскерден кейін келіп орналастым. Осы жақта жұмыс істейтініме 7 жыл болды. Жастар өздерін жақсы көрсететін болса, зауыт жақсы қарайды. Өзімізге үй береді, ол үйдің қасында балабақша бар. Алаңсыз жұмыс істейміз. Жақсылықтың жауабы ретінде өз маңдай терімізді жақсылап төгуіміз керек. Сондықтан да, Алюминий зауытының жастары алға!
Болат АМАНБАЕВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.