Мәжіліс судьялардың тәуелсіздігін кеңейтуді көздейтін заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс судьялардың тәуелсіздігін кеңейтуді көздейтін заң жобасын мақұлдады

23.01.2019

Мәжілістің жалпы отырысында судьялардың тәуелсіздігін кеңейтуді көздейтін заң жобасы мақұлданды. Құжатқа сәйкес, облыстық соттың алқа басшыларының жұмысына өзгерістер енгізіледі. Бүгін оларды тағайындау үшін Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы керек болса, енді олар байқауға түседі.

Жалпы, елімізде сот жүйесін жаңғырту жұмыстары қазір белсенді жүріп жатыр. Өткен жылы судьяларды іріктеу мен тағайындауға қатысты пилоттық жобалар жүзеге асып, өз нәтижесін берген. Енді мамандар оны заң жүзінде бекітуді ұсынып отыр. Үкімдердің заңды болуы, қарапайым тілде түсіндірілуі және әр уәжге нақты жауап берілуіне назар аударылмақ. Осы мақсатта мықты заңгерлерді судьялық қызметке тарту міндеті тұр. Бұған қоса, сот академиясындағы білім сапасын арттырып, судьяларды іріктеу талаптарын күшейте түспек.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу