Павлодар облысындағы мұнай-химия зауытында білім орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы мұнай-химия зауытында білім орталығы ашылды

25.01.2019

Жастар жылында жастарға қамқорлық жасауды өндірісі өркен жайған Павлодар облысындағы ірі кәсіпорындар бастап кетті. Бүгін жергілікті мұнай-химия зауытында білім орталығы ашылды. Кәсіпорын жұмысшыларының 32 пайызы жастар. Мәселен, өткен жылы ғана еңбек ұжымының қатарына 50-ге жуық жас маман қосылған. Жаңа орталықта жастар аға буын өкілдерімен кездесіп, тәжірибе алмасады. Осы жерде өндірістің тиімділігін арттыруға арналған тың жобаларды дайындауға болады. Орталық жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісіне қосылып, заманауи технологиямен жабдықталған.

Жұлдыз Төлемісова, мұнай-химия зауытының жетекші маманы:

- Осы жылы Жастар жылы деп жарияланды. Сол үшін өте қуаныштымыз. Сонымен қатар, зауыттың басшылығына рахмет айтамын. Осындай коворкинг, білім орталығын ашып жатыр.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу