Атырауда Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дарынды композитор, Қаршыға Ахмедияровқа арнап ескерткіш орнатылды. Жалпы биіктігі 6 метрлік туындының авторы – ҚР Мәдениет қайраткері Едіге Рахмадиев. Қоладан құйылған мүсін, мәрмәр тасты тұғырға орнатылған. Қаланың көрікті жерінен орын тепкен ескерткішті жасауға 4 ай кеткен. 65 жасқа қараған шағында өмірден өткен дәулескер күйшінің 60-қа жуық күйі бар. Орындауындағы 500-ден астам шығарма алтын қорда сақтаулы. Күй аспанының Қаршығасы қазақтың қара домбырасын, АҚШ, Франция,Италия, Үндістан, Венгрия сияқты елдерде паш етіп, әлем халқын күй құдіретіне тамсандырған.
Арман Жүдебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Күй үшін, ансамбль үшін, қазақтың өнері жанын беретін. Тәттімбет, Дәулеткерейдің күйлерін ерекше орындайтын тума талант.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.