Радиоактивті зат тиеген көліктер Қытайға кері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Радиоактивті зат тиеген көліктер Қытайға кері қайтарылды

30.01.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы кеденшілер радиациялық зиянды тауар тасымалына тосқауыл болды. Қауіпті жүк қазақ-қытай шекарасындағы «Майқапшағай» кеден бекетінде анықталды. «Янтарь-1А» автоматты бақылау жүйесі ұсақтауға арналған керамикалық шарлардың радиациялық фон деңгейі 3,4 есеге жоғары екенін көрсеткен. Жалпы салмағы 160 тоннаға жуық радиоактивті тауарды тиеген көліктер Қытайға кері қайтарылды.  

Гүлназ Байқадамова, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Еуразиялық Экономикалық Одақтың кеден заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған тауарды тасымалдаған 7 автокөлік 158 тонна жүгімен тез арада ҚХР аумағына қайтарылды. Жалпы, «Майқапшағай» кеден бекетінде осындай мықты техникалық жабдықталуының арқасында қызметкерлер біздің еліміздің аумағына радиациялық қауіпті жүктің әкелуіне бірнеше рет тосқауыл қойғанын атап өткіміз келеді.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу