Елімізде дәрігердің рецептімен ғана сатылатын психотроптық дәріні заңсыз саудалау бойынша 101 дерек тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дәрігердің рецептімен ғана сатылатын психотроптық дәріні заңсыз саудалау бойынша 101 дерек тіркелді

31.01.2019

Бұл қылмыс әсіресе, Астана, Алматы сынды үлкен қалаларда көп тіркелген. Мұны Ішкі істер минситрлігінің өкілдері мектеп мұғалімдерімен өткен кездесуінде айтты. Жалпы, дәрігердің рұқсатынсыз сатуға болмайтын дәрінің 4 түрі бар. Бүгінде есірткі пайдаланғаны үшін тіркеуде тұрған 128 жасөспірім бар. Жаман әдетке душар болғандардың ең жасы 14-те. Былтыр есірткі және психотропты заттарды жарнамалаған және таратқан 5 мыңға жуық интернет ресурс бұғатталды. Сондай-ақ, есірткі тарататын электрондық мекенжай жазылған 2,5 мыңнан астам граффити жазба анықталып, жойылды. Оларды жазғаны үшін 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тіпті, ондай жарнаманың авторлары көрші Ресей, Еуропа, АҚШ-та тұрады екен. 

Берікхан Нұрғалиев, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы департаментінің басшысы:

- Қазіргі өзекті мәселе – дәріханаларда сатылып жатқан трамадол.  Ол ауру адамдарға рецепт бойынша беріледі. Ал, дәріханаларда оларды сата береді. Сатқанда жасөспірімдер де алуы мүмкін.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу