Қаруды қауіпсіз жерде сақтау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаруды қауіпсіз жерде сақтау керек

01.02.2019

Өскеменде ұрылар аңшының пәтеріне түсіп, 2 қаруды сейфімен бірге алып кеткен. Қару сақтау ережесін бұзғаны үшін бұл жерде мылтық иесі жазаланып, 10 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Сондықтан қаруы барларға құлаққағыс! Шығыс Қазақстан полициясы тұрғындарға үйден ұзақ мерзімге кеткенде, мылтықты Ішкі істер органдарына уақытша сақтауға тапсырып кетуге кеңес береді. Дабыл жүйесі бар арнайы орында қаруды сақтау мерзімі шектелмеген. Бұл талап 3 айдан ұзақ мерзімге сапарлатып кететіндерге қатысты.

Талғат Ысқақов, Өскемен қалалық полиция басқармасының аға инспекторы:

- Тапсырмай, ұзаққа кетіп қалғанда үйінен қару ұрланса, жауапкершілікке тартылады. Қаруды тапсыру үшін көп құжат керек емес. Бір арыз жазғаннан кейін, біздің инспекторлар түбіртек береді. Іс-сапардан оралған кезде сол түбіртекті көрсеткенде, қаруды иесіне қайтарамыз.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу