Ұлттық бюро ұжымының жалақысы 2 есе артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бюро ұжымының жалақысы 2 есе артты

04.02.2019

Жемқорлықпен күресетіндердің айлық жалақысы еке есеге артып, орташа алғанда 350 мыңға дейін жектен. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының кадр жұмысы басқармасының басшысы айтты. Ұлттық бюрода трансформация процесі жүруде. Қазірдің өзінде кадр, заң және қаржы-шаруашылығы қызметі орталықтандырылған. Нәтижесінде, әкімшілік шығындар 1 миллиард теңгеге қысқартылып, бұл қаржыға қызметкерлердің жалақысы көбейтілген. Қазір жемқорлықпен күресетін басты мекемеде 1120 қызметкер жұмыс істейді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу