Сенат Жастар жылына жоспарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Жастар жылына жоспарын бекітті

04.02.2019

2015 жылы қабылданған мемлекеттік жастар саясаты туралы заңның орындалу барысы, жастарды баспанамен қамтамасыз етіп, жұмысқа орналастыру мәселесі Парламенттің жоғары палатасы депутаттарының назарында. Сенат Жастар жылына жоспарын бекітіп, іс-шараларға дайындықты бастап кетті. 7 ақпанда жоғары палата жастар саясатына арналған дөңгелек үстел өткізіп, онда толғандырып жүрген өзекті мәселелер талқыланады. Сенаторлар өскелең ұрпақпен белсене жұмыс істемек. Үкіметке, мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірленеді. Жастар жылына байланысты студенттер мен жас жұмысшыларды Сенатта өтетін іс-шараларға қатыстыру көзделіп отыр .

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу