Түркістанда тойханалар мен дәмханалардың сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеуіне қатаң тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда тойханалар мен дәмханалардың сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеуіне қатаң тыйым салынды

05.02.2019

Ереже бұзғандар 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Мұндай шара қаладағы қылмыстың алдын алу үшін қолға алынып отыр. Өйткені былтыр Түркістандағы қоғамдық орындар мен көшеде 900-дей қылмыс тіркелсе, соның жартысынан көбі ойын-сауық орындарында болған.

Айта кетейік, бүгінде Түркістандағы тойханалар мен дәмханалар саны 100-ден асады. Солардың 40 пайызында қылмыс көп тіркелетіні анықталған. Енді жергілікті полиция әкімдікке қарасты кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, арнайы рейд шараларын жүргізбек. Ал, тойхана қожайындары мұны кәсіпкерлікке кедергі келтіретін қадам деп санайды.

Мақсұт Рысметов, кәсіпкер:

- Жағдайға қарау керек. Себебі сағат 22:00е күн батады. Түркістан халқы 8 сағат жұмыс істемейді ғой. Кешкі салқынмен жұмыс істейді. Кешке 1-2 сағат демалсақ дейді.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу