Таңертең аймақ бойынша ауа температурасы сынап бағанасынан төмен -27-33 градусты көрсетті. Ал, желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болды. Сондықтан ата-аналарға хабарламалар жіберілген. Мұғалімдер мектеп бағдарламасынан қалмау үшін оқушылар мен ата-аналарға электронды түрде тапсырмалар жолдайды.
Сондай-ақ, Көкшетау-Петропавл, Көкшетау-Астана, Атбасар-Астана бағытындағы жолдар жабылды.
Валерий Гамазов, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
- Бүгін ауа температурасы мен желдің жылдамдығына байланысты Ақмола облысындағы мектептерде сабақ болған жоқ. Бірнеше ауданда ғана жоғары сынып оқушылары оқыды. Хабарландыру мектептердің сайттарында жарияланды. Әлеуметтік желілер және Төтенше жағдайлар қызметінің смс-хабарламасы арқылы ата-аналарға ақпарат жолданды. Сабақ болмаған күндер тіркеліп, бағдарламаға түзетулер енгізілетін болады.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.