Қостанайда Парламент депуттары ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Парламент депуттары ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен кездесті

05.02.2019

Қарабалық ауданындағы «Астық индустриясы» серіктестігі - құрамына 4 компанияны біріктірген ірі құрылым. Алқабына астық егіп, ішінара өнім өңдеуді де қолға алған. 500-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сонымен қатар, ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара өсіреді. Былтыр 2,5 мың тонна ет өндіріп, оның 1,5 мың тоннасын экспорттаған. Биыл 20 мың бас ірі қараға шақталған бордақылау алаңын ашу жоспарда бар. Жаңа нысан ет өндіру көлемін бір жылда 5 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.

Арман Қожахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстандық агрокешенді жан-жақты дамытуға мүмкіндік мол. Жер көлемі жеткілікті, бұл егіншілікпен бірге жем-шөптің мол қорын пайдаланып, мал шаруашылығын да дамытуға жол ашады. Мемлекет те бұл саланы әрдайым назарда ұстап, үнемі қолдау көрсетіп отырады.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу