Атырау облысының Жылыой ауданында жұмыссыздық жойылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының Жылыой ауданында жұмыссыздық жойылмай тұр

05.02.2019

Атырау облысының Жылой ауданында жұмыссыздық жойылмай тұр.   Аудан халқының  3 жарым мыңға жуығы екі қолға бір күрек таппай отыр. Күрмеулі мәселені тұрғындар Мәжіліс депутаттарына жеткізді.

Проблеманы назарға халық қалаулылары бұл жағдайды Үкімет сағатында көтермек. Депутаттар әлеуметтік нысандарды да аралап көрді. Мектеп, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттерде болып дәрігерлердің жағдайымен танысты. 

Бақытгүл Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жылыойдағы 84 мың халықтың 3,5 мыңға жуығының мәселесі - жұмыссыздық. Әрине, мемлекет тарапынан қыруар шаруалар жасалып жатыр, оны халық арасына сауаттандыру, түсіндіру, тегін беріліп жатқан білім сапалары, бұлардың барлығын Үкімет сағаттарында кеңінен айтатын боламыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

 

Хабарламаларға жазылу