Жамбыл облысында 38 елді мекенді тасқын су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 38 елді мекенді тасқын су басуы мүмкін

06.02.2019

Жамбыл облысында 38 елді мекенді тасқын су басуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе, су деңгейі көтеріліп, ауылдарға кіруі ықтимал. Қазір аймақтағы ірі су қоймалары бақылауға алынды. Дегенмен,  талдау жұмыстары биыл тілсіз жаудан төніп тұрған қауіп жоқ екендігін көрсеткен. «Қазгидромет» және «Қазселденқорғау» мекемелері өңірге түскен қар жылдық мөлшерден төмен деген ақпар таратты. Әйтсе де, сақтықта қорлық жоқ, аймақта 568 шақырым канал, 1400-ге жуық арық тазартылды. Сондай-ақ, 11 мың тонна инертті материалдар, 74 тонна жанар май қоры  дайындалды.

Мақсат Қосыбаев, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Көктемгі төтенше жағдай кезінде көшірілген тұрғындарды уақытша орналастыруға 41 қабылдау пункттері, 43 палатка, 200 жатын қап, 200 жиналмалы төсек дайындалған. Су шаруашылығы мамандарымен бірге су қоймаларының бәрін тексеру жұмыстарын жүргіздік. Қазіргі уақытта су жинау деңгейі жылдағыдан төмен. Қауіпсіз жағдайда.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу