Қарағанды облысында қариялар орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қариялар орталығы ашылды

08.02.2019

Мұндай орталық елімізде бұрын-соңды болмаған. Қарттар мұнда түрлі үйірмелерге қатыса алады. Орталықта фитнес, ІТ-сынып, шахмат, кітапхана және жаттығу залы да бар. Сондай-ақ, заңгер мен психологтың кабинеті жұмыс істеп тұр. Дәрігерге қаралу үшін алдын ала кеңес берушілер де осында. Бұл жоба, «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Достық үйінде» ашылып отыр. Әзірге 65 зейнеткер орталыққа жазылған. Келешекте қаланың басқа да аумақтарында бөлімдерін ашу жоспарланған. 

Сәлима Нұрмағанбетова, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі:

- Жақсы іс болады деп ойлаймын. Біздің қария адамдар, үлкендер тәрбие беру жұмыстарына белсенді қатысып жүр. Сондай белсенділік таныту үшін әрине, жақсы денсаулық керек. Осы денсаулықты нығайтуға бұл орталықтың көмегі зор болады деп есептеймін.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу