Павлодарда аудан әкімдігі 20 млн теңгеге үй сатып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда аудан әкімдігі 20 млн теңгеге үй сатып алды

11.02.2019

Павлодар облысы Май ауданының әкімі 20 млн теңгеге үй сатып алам деп басы дауға қалды. Мемлекет есебінен алынған үйдің аумағы 1 гектар. Коттеджде автокөлік гаражы мен тұрмыстық шаруашылыққа қажеттінің бәрі бар.

Алайда, ауылда орналасқан қызметтік үйдің сонша қымбатқа бағаланғаны белгісіз. Бұған дейін шаһар әкімшілігі 50 млн теңгеге екі қабатты пәтер сатып алып, қоғам наразылығынан кейін, оны алты пәтерге айырбастап, балалар үйінде тәрбиеленген жастарға берген болатын.

Ғибадат Арынов, Май аудандық мәслихатының хатшысы:

- Облыс мәслихатының шешімімен 20 млн теңге көлемінде үй сатып алу шешімі шыққан. Үй сапалы, үлкен, ұялмайтындай жағдайда. Бұл жай ғана үй емес, үлкен, көзге жақсы көрінетін сапалы салынған үйлердің бірі. 20 миллионға лайықты үй.

Болат АМАНБАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу