Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың мәселесі қаралды

11.02.2019

Мыңнан астам қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеу үшін саяси босқын статусын беруді сұраған. Олар бұл қадамға білместіктен немесе сауатсыздықтан барған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Жуырда Сеулда Қазақстан мен Корея сыртқы істер министрліктерінің консулдық консультациясы өткен. Оған біздің тараптан консулдық қызмет департаменті мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысқан. Олар Оңтүстік Корея билігіне саяси босқын статусын сұраған қазақстандықтардың түпкі мақсатын түсіндіріп берген. Сондай-ақ, кездесуде Кореяда жазасын өтеп жатқан 12 қазақстандықты елге қайтару туралы келісілген.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- Корея тарапының мәлімдеуінше, мыңнан астам қазақстандықтар сол елден саяси босқын статусын беруді сұрапты. Алайда, біздің делегация толығымен түсіндіріпті ол сол елдің адамдарының сауатсыздығынан немесе білмегендігінен, нешетүрлі компаниялар оларды алдап, осындай өтінішке қол қойсаң, бәрі жақсы болады деп, қол қойдырып алады екен. Ол кісілер ешқандай саяси босқын статусын сұрамаған.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу