Бұл Қытай, Жапон, Корей елдеріне ортақ жаңа жылды қарсы алу рәсімі. Қостанай облысында бүгінде төрт мыңнан астам корей ұлтының өкілдері тұрады. Корей Жаңа жылының ең басты ерекшелігі, олар мерекені тойлауды бір күн бұрын бастайды. Салт-дәстүр бойынша мейрамның екінші күні әрбір отбасында ток–кук сорпасы әзірленеді. Сондай-ақ, корейлерде жаңа жылда барлық ескі киімдерді жаңасына ауыстыру керек деген наным-сенім қалыптасқан.
Валерия Ким, «Корей жастары» қозғалысының төрайымы:
- Биыл Жаңа жыл бесінші ақпанға сәйкес кеп отыр. Бірақ, ол жұмыс күні болғандықтан, атап өтуді кейінге қалдырып, демалыс күні қостанайлық тұрғындармен бірге тойладық. Осы ретте, халқымыздың салт-дәстүрі, ұлттық тағамы, аңыздарға негізделген қойылымдары көрерменге жол тартты.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.