Атырау облысының әкімдігі 390 млн теңгеге қызметтік үйлер сатып алмақ. Жергілікті билік бұл баспаналарды лауазым иелеріне емес, әлеуметтік сала қызметкерлеріне бермек.
Нақтырақ айтсақ, 30 пәтерді Құрманғазы аудандағы мұғалімдер мен дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен спортшыларға мәдениет саласындағы қызметкерлерге үлестрімек.
Пәтердің көлемі кемінде 70 шаршы метр болуы тиіс. Қазір Құрманғазы ауданында жергілікті кәсіпкерлер өз есебінен тұрғын үйлерді салуда. Әкімдік бизнес өкілдерін тендерге қатысуға шақырады.
Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:
Әлеуметтік сала мамандарына пәтерлер сатып алу мәселесін яғни, қызметтік үйлермен қамтамасыз ету мәселесін шешіп келе жатырмыз. Мұның тиімділігі неде, біріншіден, мемлекеттік сатып алу рәсімдері тез өтеді және алғанда оны кез келген сұраныста ала қоймайды, түскен ұсыныстардан ең арзанын, ең жақсысын алады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.