Онда отбасылардың тұрмыс жағдайы, алаңдатқан мәселелері мен қажеттіліктері толық көрсетіледі. Бүгінде облыста 7 мың көпбалалы ана бар. 4 және одан көп баласы бар әйелдер саны 5,5 мыңға жуық.
Тұрмысы төмен деп танылған 1200-іне атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 800-ден астам адам баспана кезегінде тұр. Жыл басынан бері көпбалалы отбасында тәрбиеленетін 162 бүлдіршін кезектен тыс балабақшамен қамтылған. 1,5 мыңға жуығы әлі тізімде тұр.
Дина Ахметжанова, облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы:
- Қазір отбасыларға сараптама жүргізіп жатырмыз. Ол үшін 124 көмекші мен 21 кеңес беруші жұмылдырылған. Облыс бойынша әлеуметтік карталарды жаңарту туралы шешім қабылданды. Қазір әкімдіктер тиісті жұмысты атқаруда. Барлық отбасылар туралы ақпаратты жинаймыз. Кейін қандай көмек беру керек, соған қатысты нақты шешімдер қабылданатын болады.
Ермек ЕЛБЕРГЕН0
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.