Астана жастары ерлікке тағзым етті. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай Ұлттық архив ұйымдастырған шара осындай мүмкіндік берді. Студенттер қанды соғысты өз көзімен көрген Ауған соғысы ардагерлерінің әңгімелерін тыңдап, фотосуреттер, хаттар, құжаттармен танысты.
Сондай-ақ, сол тарихи оқиғаға байланысты жазылған кітаптар мен мақалалар да ұсынылды. Жауынгерлерге құрмет көрсету арқылы жастардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру да көзделген. Мұндай жиындар игі дәстүрге айналып, жыл сайын өткізіліп тұрады.
Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы:
- Патриоттық алауды, жастарды тәрбиелеуді кім үйретеді? Меніңше, Ауған соғысын көргендер, соғыстың не екенін білетін, өмірдің қандай екенін білетін Ауған соғысының ардагерлері. Олар жастарды патриоттық тәрбиелеуді қолға алу керек. Отанды тілмен сүймеу керек, Отанды жүрекпен сүю керек.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.