Атыраудағы тұралап қалған нысандар қайта жаңарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы тұралап қалған нысандар қайта жаңарады

14.02.2019

Атырауда тұралап қалған әлеуметтік нысандардың бойына қан жүгіреді. Айталық 9 жыл бойы тоқтап тұрған 1200 орындық концерт залының құрылысы қайта басталады. Кезінде құны 4 млрд теңгеге бағаланған нысанды инвесторлар өз қолына алды.

Ал, Жайық жағасындағы коттеджді қалашық қиратылады. Орнына көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Сүреңсіз сиқымен 8 жыл бойы Атыраудың сәнін кетірген нысындардың бірі монша-сауықтыру кешені еді. Оған енді қосымша бір қабат қосылып, шығармашылық орталық болып ашылады. Әзірге жоба құны белгісіз.

Алимұхаммед Құттымұратұлы, қала әкімі:

- Бұл жер шығармашылық орталығы болады. Жайық жағасындағы көптен бері құрылысы тұрып қалған нысандарды бұзып, орнына көпқабатты үй саламыз деп отырмыз.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу